Ақжар ауданында элеваторлардың бірінің аумағында 1991 жылы туған әйел қамбаға құлап кеткен. Шамамен 30 метр биіктіктегі астық қоймасына түсіп, оны бидай басып қалған, деп хабарлайды Alash.kz порталы.
Куәгерлер бірден құтқарушыларды шақырған. Мамандар зардап шегушіні іздеуге кірісті. Алайда әйелді тапқанда, ол көз жұмған.
«Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, тергеу жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті.
Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.