Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

СҚО-да зейнетақы шетінен 500 теңге бермегені үшін ер адам өз анасын өлтіріп тастады

12:12, 25 қазан 2024 1061

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаевауданы Полудино ауылында ұлы анасын 500теңге беруден бас тартқаны үшін өлтірді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

 62 жастағы әйелдің мәйіті 49жастағы ауыл тұрғынының үйінентабылды. Сараптамақорытындысына сәйкес, әйелдіңөлімі бауырдың жарылуынан, ішкеқан кетуден, кеуде және ішжарақаттарынан болған, делінген хабарламада.

Әйелді ұрған зұлым адамды іздеудің қажеті жоқ еді.. Ол жәбірленушінің ұлы, сол ауылдың тұрғыныболып шықты. Болған оқиғаның куәгерлеріайтқандай, жәбірленуші сол күні зейнетақы алып, құрбыларына келген. Кейінірек мұнда ішімдік ішкен күдікті келіп, анасынан 500 теңге талап ете бастаған. Әйел ақша беруден бас тартқаннан кейін,ер адам анасын ұрып-соғып, кетіп қалған. Алғанжарақаттарының салдарынан әйел қайтыс болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар