Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

СҚО-да 9 мектептің директоры жазаланды

10:24, 21 ақпан 2024 370
Солтүстік Қазақстан облысында мектеп директорлары оқушыларға тыйым салынған контент қолжетімді болуға мүмкіндік бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

СҚО прокуратурасының хабарлауынша, білім беру мекемесінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізілген тексерулер барысында кәмелетке толмағандардың құқықтарының өрескел бұзылғанын анықтады.
 «Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының талаптарын бұза отырып, Петропавл қаласындағы 9 орта мектепте информатика кабинеттерінде тыйым салынған сайттарға балаларды өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерді жасауға ынталандыру (соның ішінде суицид және зорлық-зомбылық әрекеттері) материалдары бар ашық қолжетімділік тыйым салынған сайттар анықталды. Қадағалау органының қаулыларына сәйкес білім беру ұйымдарының басшылығы (директорлары) ӘҚБтК-нің 409-бабы 7-2-бөлігі бойынша айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.

Сонымен бірге, прокурордың ұсынысы бойынша қаладағы барлық білім беру мекемелерінде тыйым салынған интернет-ресурстарға қолжетімділік шектелген.

Қадағалау органы балалардың құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда заңды өкілдері мен кәмелетке толмағандар 8-7152-36-03-83 облыспрокуратурасының сенім телефонына хабарласа алатынын еске салады.

Фото: СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар