СҚО прокуратурасының мәліметінше, шенеуніктер жолдарды ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қою үшін жергілікті кәсіпкерден 10 млн теңге пара алған, деп жазады Alash.KZ.
Пара берген кәсіпкер де жазадан құтылмады, мемлекеттік айыптау пара беру және алу фактілерін дәлелдеді.
Петропавл қалалық соты кінәлілерді 3 жыл 6 айдан бастап, 7 жыл 6 айға дейін нақты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесті.