Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Спортшыларымыз жеңілсе, жауапкершілікті Алла Тағалаға іле салатын болды" - Мұхтар Тайжан

14:43, 03 тамыз 2024 1085

Белгілі қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты, кәсіпкер Мұхтар Тайжан қазақ спортшыларына қатысты сын айтып, жеңіліс тапқан жағдайда "Бәрі Алланың қолында" деп "ақталатынын" айыптады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Белгілі кәсіпкер спортшыларға сын айтты:

Неге қазақ боксшылары, спортшылардың барлығы жеңілсе, "Бәрі Алланың қолында" дей береді? Ана жолы көкпардан біздің құрама қырғыдардан ұтылып қалған кезінде "Дұғада болайық" деп ақталды. Дұғада болғың келсе, мешітке бармайсың ба? Дұға қылатын жер сол ғой. Рингте жеңіліп қалса, "Бәрі Алланың қолында" дейді. Көздерінде от жоқ. Меніңше, бұл бар жауапкершілікті Аллаға ілу. Сен жеңілсең, сенің жеңілісің емес, Алла Тағаланың қалауы екен, - деді кәсіпкер. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар