Белгілі әнші, актриса, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Иманбаева екінші мәрте әже атанғанын айтып, қуаныштан жылап қалды, деп хабарлайды Alash.kz.
Әнші бұл жайында өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, эмоциясымен бөлісті. Әйел адамның асылдығын айтып, ағынан жарылды.
Мен кешеден бергі көңіл күйімді сіздерге сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Екі дүркін әжемін. Кешегі келінімнің босанғанына партнер болдым. Кішкентай немеремнің кіндігін өзім кестім. Әйел деген қауым қандай нәрсеге де төзеді екен. Толассыз келіп жатқан құттықтауға алғыстан басқа айтарым жоқ.