Сот Қожамжаровтың туыстарына тиесілі 2,6 миллиард теңгенің мүлкіне тыйым салды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Дулат пен Гүлназ Қожамжаровтардың мүлкі, сондай-ақ келесі компаниялардың активтері тәркіленді: “Ойл Снаб” компаниялар тобы” ЖШС, HILL Resources, HILL Invest және AvtoTechMas Ltd.
Бұл шешім 2,6 миллиард теңгеден астам қаражатты өндіріп алуды талап еткен банктің дауары бойынша шығарылған.
Дулат Қожамжаров – бұрынғы бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың ағасы. Ол 2024 жылы Қазақстандағы ең бай 75 кәсіпкердің тізіміне кірген.