Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сот «Қазақ тазысы» тұқымына берілген патентті жарамсыз деп таныды

11:06, 30 мамыр 2025 203

Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы «Қазақтың тазы ит тұқымына» берілген патентке қатысты апелляциялық шағымды қарап, патенттің заңсыз берілгені туралы шешім қабылдады, деп жазады Alash.KZ.

Соттың хабарлауынша, 2024 жылдың 30 желтоқсанында Зияткерлік меншік институты бір жеке тұлғаға «Қазақтың тазы ит тұқымы» селекциялық жетістігі ретінде патент берген. Алайда сот процесі барысында патент беру кезінде патентке қабілеттіліктің негізгі шарттары бұзылғаны анықталған.

Сот бұл тұқымның жаңалыққа жатпайтынын және бұрыннан белгілі әрі Қазақстан Республикасында халықаралық деңгейде ресми түрде танылғанын атап өтті.

Қазақ тазысы – қазақ халқының көне ит тұқымы, ол жаңа тұқым ретінде қаралмайды,


– делінген ресми мәлімдемеде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар