Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сот Перизат Қайратты дымсыз қалдырды

09:39, 13 желтоқсан 2024 748

Сот Перизат Қайраттың бірқатар мүліктерін тәркіледі, деп хабарлайды Alash.KZ.  

ҚМА қоғамдық қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы және басшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеуді жалғастыруда.

Соттың санкциясымен қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған Астана қаласындағы "Akbulak Riviera", "Highvill Ishim Gold", "Көк Жайлау" (тұрақ орындарын қоса алғанда), "Sensata Plaza" ТК, сондай-ақ "Vela Village" коттедж қалашығындағы элиталық жылжымайтын мүлік, Mercedes-Benz S450, Mercedes-Benz EQE 500, Lexus LX-600, Haval автомобильдері қамауға алынды,

- дейді ҚМА. 
 
Перизат Қайраттың тұрғылықты жерін тінту барысында қайырымдылыққа жиналған қаражатқа сатып алынған қымбат техника, Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada және т. б. сияқты танымал әлемдік брендтердің киім, аяқ киім, зергерлік бұйымдар, сөмкелері табылып, тәркіленген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар