Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Сот басталды”. Берденовке оқ атқан “Тұрғын үй Шымкент” экс-басшысы жайлы сұмдық дерек шықты

11:15, 28 шілде 2025 1770

Шымкентте Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот басталды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Айыпталушы орнында - «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің бұрынғы басшысы Ернар Жиенбай.

Сот отырыстары мемлекеттік тілде, ашық форматта өтуде. Процесті судья Абинур Карабаев жүргізіп жатыр. Алайда, сот шешіміне сәйкес, журналистерге айыпталушыны түсіруге тыйым салынған.

Ернар Жиенбайға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша айып тағылған: 24-бап, 3-бөлім («Қылмыс жасауға дайындалу және қылмысқа оқталу») және 99-бап, 1-бөлім («Адам өлтіру»).

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар