Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Сот ашық өтеді»: Түркістанда оқушы қыз бен анасын айуандықпен өлтірген экс-мұғалім ісіне қатысты жаңа дерек шықты

18:05, 24 қараша 2024 1036

Түркістанда оқушы қыз бен оның анасын айуандықпен өлтірген экс-мұғалімнің соты қалай өтетіні белгілі болды. Түркістан облыстық соты қоғамды дүр сілкіндірген іске қатысты сот процесі ашық өтетінін мәлімдеді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Отырар» басылымының хабарлауынша, қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралады. Бүгінде алқабилер таңдалып та қойған. Айта кетсек, ер адамға 3 бірдей қылмыстық бап бойынша айып тағылып отыр.

«Іс материалдарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары сотталушыға қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу (ҚК 24-бабы 3-бөлігі), кәмелетке толмаған адамды зорлау (ҚК 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы), екi немесе одан көп адамды өлтіру (ҚК 99-бабы 2-бөлігі 1, 3, 10, 14-тармақтары) қылмыстық әрекеттері бойынша айып тағып, сотқа жолдаған. Сотталушының өтініш хаты бойынша іс алқабилердің қатысуымен ашық сот отырысында қаралуда»,- деп мәлімдеді Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі. 

Еске салсақ, 12 қыркүйек күні Келес ауданында жантүршігерлік қанды қылмыс болған еді. Маңайда тұратын ауыл тұрғыны шырт ұйқыда жатқан 46 жастағы әйел мен оның 15 жасар қызын өлтіріп кеткен. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, күдікті мұғалім болып қызмет атқарып жүріп оқушы қызға қырындаған. Мұны білген анасы педагогтың үстінен арыз түсіріпті. Жұмыстан қуылған ер адам екі бірдей адамнан кек алған көрінеді. Істің анық-қанығы енді сот процесінде белгілі болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар