Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Соққыға жығып, құжатымызды тартып алды: Ресейде құлдықта болған қазақ жігіттері сұмдық оқиғаны баяндап берді

10:00, 04 желтоқсан 2024 491

Ресейде құлдықтан қашып шыққан қазақ жігіттері елден көмек сұрауда, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Информбюроға сілтеме жасап.

Өзге елде соққыға жығылдық деген отандастарымыз ақшасыз, құжатсыз Қазақстанға қайта алмай жүргендерін айтып, желіде жазба қалдырған.

“Қалтамызда көк тиынымыз жоқ. Құжатымызды тартып алды. Таза құлдық болды. Енді қайта алмай отырмыз”, – деді олар.

Сөздерінше, үш жігіт Ресейдің Железногорск қаласына жұмыс істеуге барған.

Бірақ бір миллион теңгеге дейін жалақы деген жарнама жалған болып шыққанын айтады. Оларды тегін жұмысқа жегіп, ешқайда шығармады деп күйінеді.

Құлдықтан қашып шықтық деген жерлестеріміз Мәскеуде жасырынып жүргенін айтты.

Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Қазақстан азаматтары елге аман-есен оралғанын мәлімдеді. Қазір жағдай реттелген, алаңдауға негіз жоқ деп отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар