АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путиннің резиденциясына соққы жасалды дегенге сенбейтінін мәлімдеді, деп жазады Alash.kz ұлттвқ порталы.
“Мен ондай соққы жасалды дегенге сенбеймін. Жақын маңда бірдеңе болған шығар, бірақ оның бұған еш қатысы жоқ”,- деді Дональд Трамп.
Еске сала кетейік, бұған дейін Трамп Новгород облысындағы Путиннің резиденциясына жасалған шабуыл туралы Путиннің өзінен естігенін айтқан еді.
Трамптың пікірінше, «қазір мұндай әрекеттерге қолайлы уақыт емес». Екі президент 29 желтоқсанда телефон арқылы сөйлескен.