Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Соғыстың басталуына ең бірінші кінәлі адам -Зеленский!: Трамп сұмдық мәлімдеме жасады

12:15, 15 сәуір 2025 2406

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғыстың басталуына үш адам – Ресей президенті Владимир Путин, АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден және Украина президенті Владимир Зеленский кінәлі екенін мәлімдеді. Бұл туралы АҚШ басшысы 14 сәуір, дүйсенбі күні Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Трамп өзінің президенттік кезінде «Путин тіпті соғыс туралы ойламағанын» тағы да айтып өтті. Сондай-ақ ол Байден соғысты тоқтата алатын еді, «мұнай бағасын төмендетсе жеткілікті болар еді, бірақ ол оны жасамады» деді.

«Ал енді не істеуіміз керек? Бізде территориясының 25 пайызынан айырылған ел бар, ең шұрайлы жерлерінен айырылды, миллиондаған адам қаза тапты… Бұл – Байденнің соғысы, ал мен оны тоқтатуға тырысып жүрмін. Біз бұл бағытта жақсы жұмыс атқарып жатырмыз деп ойлаймын. Солай болады деп үміттенемін», – деді ол.

Одан әрі АҚШ президенті Украинадағы соғысқа жол берілмеуі керек екенін айтты: «Байден оны тоқтата алатын еді, Зеленский де соны істей алатын еді, ал Путин соғысты бастамауы керек еді».

«Барлығы кінәлі», – деп түйіндеді Трамп.

Осыдан кейін Ақ үй басшысы «миллиондаған адамның өліміне осы үш адам себеп болды» деген сөзін тағы қайталады.

«Айталық, бірінші орында – Путин. Екіншісі – не істеп жатқанын өзі де білмейтін Байден. Үшіншісі – Зеленский. Менің қолымнан келетіні – осыны тоқтатуға тырысу. Мен кісі өлімдерін тоқтатқым келеді. Бұл тұрғыда біз жақсы нәтиже көрсетіп жатырмыз деп ойлаймын. Жақын арада жақсы ұсыныстар болады деп үміттенемін», – деді Трамп.

Журналист Трамптан Сумыға жасалған соққы туралы айтқанда, оны «қателік» деп атағанын нақтылап сұрады. Сонда Трамп: «Қателік – соғыстың басталуына жол беру болды», – деп жауап берді.

Бұған дейін осы күні АҚШ президенті Ресей мен Украина арасындағы соғыстың басталуына тек Байден мен Зеленскийді кінәлі деп көрсеткен болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар