Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Соғысты толық тоқтату және бітімге келуді құптайды»: Тоқаевтың Таяу Шығыстағы ахуалға көзқарасы туралы тың ақпарат жария болды

10:30, 08 сәуір 2026

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Айбек Смадияр Қасым-Жомарт Тоқаевтың Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты ұстанымы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Alash.kz.

Айбек Смадияр бұл туралы ресми Telegram арнасында жариялады:

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды.

Бұл келісім АҚШ Президенті Дональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқа қатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды. 

Мемлекет басшысы әлемдік сауданың дамуына және барлық мемлекеттің экономикалық өркендеуіне жағдай жасау мақсатында қол жеткізілген бітімгершілік келісімнің  ұзақ мерзімді сипатқа ие болатынына үміт білдірді».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар