Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Соғыста жүргендей болдым. 2 жылда азып 20 кг тастадым: Жазира Байырбекова енесінің ісін айтып елді шошытты

15:02, 25 қараша 2024 2012

Әнші Жазира Байырбекова жас кезінде өткен қиындықтарды айтып, енесімен қарым-қатынасының жақсы-жаман тұстарын жарияға жар салды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Ол бұл туралы “Momski Әңгіме” подкастында баяндады. 

“Енем өте қатты кісі болды. Мен әкемнің ерке қызы болдым. Шымкенттің қызы болған соң ба, білмедім, маған қатты қарады. Келін боп түскен кезде атым шыққан жұлдыздығым болатын. Қатты ұстамаса, ертең жаман боп кетеді деп ойлады ма білмедім, менен кейін түскен келіндерге қарағанда маған өте қатты болды. Төркіннен шығып, пойызбен Аралқа қайтып бара жатқанда жүрегім қатты соғатын. Соғысқа аттанып бара жатқандай қорқатынмын. Болмыстары сондай болды. 2 жылдың ішінде 20 кг тастадым. Кетіп қалғым келген кез де болды. Баламды құшағыма қысып пойызбен кетіп бара жатырдым. Қасымда Жанболат пен енем бар. Енем мені апарып тастауға бірге бара жатқан. 2 сағаттан кейін үйге қайтайықшы дедім. Енем қуанды. Кейін осы оқиғадан не өзгерді? Мен еркелегімді тастадым. Таңғы 6-да тұрдым, түнгі 12-де жаттым. Тамақтарын пісіріп, кірлерін жуып бар жағдайларын жасадым. Қазір енем енді қартайды. Бетіне қарап, қандай мықты кісі болған деп ойланамын”,- деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар