Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Соғыс тоқтай ма? Зеленский Трамппен қашан кездесетінін айтып, маңызды мәлімдеме жасады

21:31, 04 қаңтар 2026

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен бейбітшілік жоспарын талқылау үшін кездесу өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Зеленскийдің айтуынша, 4 қаңтар күні Еуропаға бас штабтардың өкілдері, бас штаб бастықтары және өзге мемлекеттердің әскери сектор өкілдері барады. 

«Одан кейін мемлекет басшыларының кездесуі өтеді, қауіпсіздікке қатысты құжаттар түпкілікті пысықталады. Көшбасшылар көптеген мәселелерді талқылайды, алайда негізгі назар қауіпсіздік кепілдіктері мен қалпына келтіру мәселелеріне аударылады», – деді Зеленский.

Украина президентінің хабарлауынша, осы кездесулер аясында Трамп командасымен де келіссөздер жүргізіледі. Бұл кездесулер Парижде өтеді.

«Келіссөздер бір тәулікке, бәлкім екі тәулікке созылуы мүмкін. Қалай өрбитінін көреміз. Осыдан кейін біз АҚШ-та көшбасшылар деңгейіндегі кеңейтілген форматтағы кездесуге дайындаламыз деп ойлаймын. Мұның бәрі қаңтар ішінде, қаңтар айының соңына дейін өткенін қалаймыз», – деді Зеленский.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар