Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Соғыс тоқтай ма? Зеленский Ресеймен бейбіт келісімге қатысты АҚШ-пен құпия келіссөз жасады

22:30, 07 желтоқсан 2025

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен бейбіт келісімге қатысты АҚШ делегациясымен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Зеленскийдің айтуынша, ол Қарулы Күштер Бас штабының бастығы Андрей Гнатов және ҰҚК хатшысы Рустем Умеровпен бірге Майамидегі АҚШ делегациясымен телефон арқылы бейбітшілікке қол жеткізу жөніндегі келесі қадамдарды талқылаған.

Украина президентінің сөзінше, ол АҚШ делегациясымен ұзақ сөйлескен. Делегация құрамында Дональд Трамптың арнайы өкілі Стивен Уиткофф пен Ақ үй басшысының күйеу баласы Джаред Кушнер бар.

“Біз көп аспектіге назар аударып, қанды қырғынды тоқтатуды және Ресейдің үшінші рет басып кіру қатерін, сондай-ақ Ресей өз уәделерін орындамау қаупін жоятын негізгі тармақтарды жеткілікті жылдам талқыладық. Бұған дейін мұндай жағдай бірнеше рет болған", - деді Зеленский.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар