Пәкістан үкіметі мен Ауғанстандағы "Талибан" қозғалысы екі күнге соғыс қимылдарын тоқтату туралы уағдаластыққа келді. Бітім бүгін сағат 18:00-де күшіне еніп, 48 сағатқа созылады, деп хабарлайды Alash.kz.
Министрліктің мәлімдеуінше, екі тарап та қақтығысты бейбіт жолмен шешуге және диалог арқылы келісімге келуге мүдделі.
Өткен демалыс күндері Кабул билігі Пәкістанның бірнеше әскери бекетіне соққы жасағанын, 58 сарбаздың қаза тапқанын мәлімдеген. Ауған тарапы мұны Пәкістанның әуе кеңістігін бірнеше рет бұзғанына жауап ретінде түсіндірген.
Пәкістан әскері өз кезегінде 23 жауынгерінің қаза тапқанын, бірақ 200-ден астам тәліп пен оларға байланысты содырлардың жойылғанын хабарлады.