Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Сметовтың көшесімен смело жүріңдер": Чемпионның үйіне баратын жолға жаңа асфальт төселген

11:54, 05 тамыз 2024 239
Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің үйіне баратын жолға ып-ыстық асфальт төселген, - деп хабарлайды Alash.KZ. 

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, журналист Исламбек Дастан жазды. 

"Елдос Сметовтің үйіне баратын жолға асфальт төселді. Мақтану емес", - деп жазды ол.Оқырмандар "Сметовтың көшесімен смело жүріңдер", "Көшелеріңе асфальт керек болса, чемпион шығарыңдар" деп жазды.

Айта кетейік, Елдос Сметов 1992 жылы 9 қыркүйекте Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Каменка ауылында туған.  

Еске салайық, бүгін қазақстандықтар Олимпиада жүлдегерлері Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевты әуежайдан күтіп алды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?