Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Скляр: Қате жасасам, ел алдында жауап беремін!

05:11, 02 наурыз 2022 244
Таяуда ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мемлекеттік телеарнаға сұхбат беріп, утилизациялық алым құны 50 пайызға төмендетілгенін мәлімдеген болатын. Сонымен мәселе шешілгендей болған. 

Алайда белсенділер утилалым мөлшері әлі де төмендеуі тиіс деп санайды. Оған қоса вице-премьер Роман Склярдың «отставкаға» кетуін талап еткен петиция да жарияланды. Петицияға қол қоюшы азаматтар:

«Утилизациялық алымның кесірінен азық-түлік бағасының қымбаттауына әрі халықтың наразылығына қарамастан вице-премьер Роман Скляр ауылшаруашылық техникасына салынатын салықты алып тастауға үзілді-кесілді қарсы. Роман Склярға халықтың мүддесінен гөрі бірнеше компанияның мүддесі маңызды болып тұр. Бұлай болмайды», - деп жазды.

Бүгін утилалым мәселесіне байланысты қоғам сынына ұшыраған премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр өзіне қатысты сын мен «оставкасы» жөнінде пікір білдіріпті. «Егер мен қателік жіберсем, елдің алдында жауап беремін!», - дейді вице-премьер-министр.

«Халықтың алдында ашық жұмыс істеп жатырмын. Егер қате жасасам, жауап беремін. Бірақ, бүгінде біз не өнерәкәсібі бар, не өнеркәсібі жоқ ел боламыз. Менің сол үшін жаным ауырады. Ертең тек мұнаймен күн көре алмаймыз. Сондықтан, сіздерді осы мәселеге терең қарауға шақырамын. Барша қабылданған шешімдер үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын», - дейді Роман Скляр.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?