Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сізді тыңдасақ, сізден басқасының бәрі кінәлі!: Бектенов әкімге қатаң сөгіс жасады

11:26, 28 шілде 2026

Премьер-министр Алматы облысының әкіміне қатаң ескерту жасады, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Sputnik.kz мәліметінше, үкімет отырысында энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту бойынша ұлттық жобаны орындау барысы қаралды. 

Сол кезде қаржыландыру рәсімін созып жіберген аймақтар аталды. Олардың ішінде Алматы облысы да бар. 

Бектеновтің айтуынша, осы аймақта ұлттық жобаға қатысты келісімшарттар әлі күнге дейін жасалмаған. 

Премьер облыс басшысына қатаң ескерту жасады.

«Сізді тыңдасақ, сізден басқа бәрі кінәлі. Тездетіңіздер»,-деді Бектенов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар