Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметінде есеп берді. Жиын барысында журналист Бақытжан Көпбаев әкімге ерекше алғыс айтты, деп жазады Alash.KZ.
«Ғабеке, біздің Шымкент сіз келгенге дейін үлкен ауыл сияқты дамып бара жатқан. Тұрғындар «қаламызды көркейтіп, еңбек сіңіріп жатқан әкіміміз ертең басқа жаққа кетіп, біз жетімсіреп қалмаймыз ба деп қорқады. …Сізді әкім етіп тағайындағаны үшін Аллаға және президентке рахмет», - деді журналист.