Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сіздерге шүлдірлеп тұрған жараспайды: Заитов министрліктегілерге тілді қорламауды өтінді

18:38, 17 қыркүйек 2024 803

Депутат Ринат Заитов министрлерді сынның астына алды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ол заң жобасын ресми тілде таныстарған министрлердің орынбасарларына шүйлікті. 

"Президет Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблея сессиясында "Әркімнің патриоттық деңгейі мемлекеттік тілге деген құрметімен өлшенеді" деп анық айтқан. Бәлкім, Евгений Кочетовқа, Роман Васильевич Склярға, тіпті Ринат Рифхатұлы Заитовқа да кешірілетін шығар. Бірақ атасының аты – Әміре, өзінің аты – Азамат, әкесінің аты – Біржан, өзінің аты – Ержан деген азаматтарға мына жерге келіп шүлдірлеп тұрған жараспайды. Басында 2 сөйлем, соңында 2 сөйлем қазақша айтып, өтірік мүсіркеп, мемлекеттік тілімізді қорламауға шақырамын", – деді Мәжіліс депутаты.

Ержан Біржанов Заитовқа жауап берді.

"Еркертуіңізді түсіндік. Мен екі тілде бірдей айта аламын. Салық кодексі болғандықтан кейбір спецификалық терминдер бар. Сондықтан орысша айттық. Бірақ мен осы кодексті талай рет алдарыңызда (мемлекеттік тілде) айттым", – деді ол.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?