Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Сіз келгелі…» - Әкімнің мақтауын асырған журналист желіде сынға қалды (ВИДЕО)

13:41, 12 желтоқсан 2025

Орталық коммуникациялар қызметіндегі Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков есеп беру жиынында журналист Бақытжан Көпбаев әкімді жылы сөзбен мадақтап, алғыс білдіріп, қоғам сынына қалды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Бақытжан Көпбаев көпшілік алдында сөз алып, үшінші миллионер қаланың басшысына ақ тілегін жаудырып, әкімнің әрі қарай қалада қала бергенін қалайтынын жеткізді. Журналистің сөзінде:

«Ғабеке, біздің Шымкент сіз келгенге дейін үлкен ауыл сияқты дамып бара жатқан. Мегаполис дегенде ұялатынбыз. Сіз келгелі бері қала шетелдегі мегаполистердей өзгеріп жатыр. Тұрғындар «әкіміміз ертең кетсе, жетім қалмаймыз ба?» деп қорқады», — деген жылы лебіз айтылды.

Әкім Ғабит Сыздықбеков өз жауабында президенттің тағайындауы бойынша қызмет атқаратынын айтып, бұрынғы әріптестерінің де адал еңбек еткенін жеткізді.

Көпбаев соңғы сөзіне:

«Сізді бізге әкім қылып сайлаған Аллаға және президентке рақмет», — деп қосымша мақтау жасалды.

Журналистің сөзі желідегі көпшілікке жақпай қалды. Қолданушылар арасында Бақытжан Көпбаев тарабына жағымсыз пікірлер саны артты.

Аталған жиын барысында журналистер Ғабит Сыздықбековтің экс-орынбасары Руслан Берденовпен қарым-қатынасы туралы сұрақ қойғанда микрофон өшірілген. Есеп беру аяқталған соң да, тілшілер мен әкім арасында пікірталас туындаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар