АҚШ Сиридағы саясаты үшін Түркияға қарсы санкциялар салуы мүмкін, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Екі америкалық сенатор 20 желтоқсанда Түркияға қарсы санкция енгізуге арналған заң жобасын мақұлдауды ұсынды. Олар Түркияның қатысуымен Сирияның солтүстігінде жүріп жатқан ұрысқа алаңдаулы екенін алға тартты, деп хабарлайды Reuters.
Демократиялық Сенатор Крис Ван Холлен мен республикалық сенатор Линдси Грэм аталмыш санкциялардың атыс-шабысты тоқтататына сенім білдірді.
Олар "2024 жылғы түрік агрессиясына қарсы тұру туралы" заң жобасын ұсынды. Сонымен бірге сенаторлар Вашингтон саясатын жіліктеп, Түркиямен дипломатиялық ынтымақтастықта болуын талап қылды, атысты мүлдем тоқтатуға себепкер болуға шақырды және Түркия мен Сирия арасында демилитаризацияланған аймақ құруға ықпал етуі қажет екенін деп мәлімдеді.
"Бұл Санкциялар Түркияның немесе Түркияның қолдауымен Сирияның демократиялық күштерінің (SDF) одан әргі шабуылдарын тоқтатуға және алдын алуға бағытталған, бұл ДАИШ-тің ("Ислам мемлекеті" әскерилендірілген қозғалысы) қайта жандануына әкелуі мүмкін, АҚШ пен әлемнің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді", - делінген олардың мәлімдемесінде.