Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Шындықты көтеруге жүрегің жетсе…”. Сахнадан кеткен Төреғали Төреәлі ел естімеген шындықты айтты (ВИДЕО)

“Шындықты көтеруге жүрегің жетсе…”. Сахнадан кеткен Төреғали Төреәлі ел естімеген шындықты айтты (ВИДЕО)

Әнші, айтыскер ақын Төреғали Төреәлі “TORE SHOW” деп аталатын жаңа авторлық жобасын бастады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Бұл жай домбыра емес. 

Бұл — Қара Домбыра.

Ол мақтамайды. 

Ол жайнамайды. 

Ол шындықты тартады.

Тәтті сөзбен алдамайды.

Саған ұнамай қалуы мүмкін —

Бірақ ол ешқашан өтірік айтпайды.

Халықтың үні. Ұлттың ары.

Бұл — Қара Домбыра.

TORE SHOW

Осы бейсенбі, ASTANA MUSIC HALL сахнасында

Арнайы қонақ — Гүлнұр Оразымбетова

Кел. Көр. Тыңда.

Шындықты көтеруге жүрегің жетсе — қош келдің”,- деп жазды Төреғали Төреәлі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар