Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкентте сейсмологиялық тексеріске бөлінген 250 млн теңгені «жеп қойған»

10:15, 05 ақпан 2024 360
Шымкентте тұрғын үй басқармасының басшысы ұсталды. Оған көпқабатты тұрғын үйлердің сейсмологиялық жағдайын тексеруге бөлінген қаржыны жымқырды деген айып тағылып отыр.

Прокурорлық тексеріс барысында салада мемлекеттік сатып алу талаптарының өрескел бұзылғаны анықталған.

Басқарма қызметкерлері 250 миллион теңгені мүдделес серіктестіктерге бір көзден берген. Тапсырыс бойынша бұл қаржыға шаһардағы 200-ге тарта көпқабатты үйдің зілзалаға шыдамдылығы тексерілуі керек болған, деп жазады qazaqstan.tv.

Алайда бұл қағаз жүзінде ғана орындалып, баспаналар сынақтан өткізілмеген болып шықты.
«Бізде мекемелер қайта тексеру жүргізіп, өткен жылғы жұмыстардың бәрі формально екені анықталды. Ол бойынша басқарма басшысынан басқа жеңімпаз болған, өзімен сыбайлас ЖШС-тердің басшылары да жауапқа тартылады», – қала прокурорының орынбасары Ержан Марат.

Фото: Pixabay
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар