Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкентте күйеуі 7 баласы бар әйелін ұрып-соғып терезеден лақтырып жіберген - ТЫҢ ДЕРЕК

15:54, 03 наурыз 2025 402

Шымкентте 42 жастағы әйел күйеуінің қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz “Aitarym kop” ақпараттық желісіне сілтеп.

НеМолчиKZ ұйымының мәліметінше, марқұмның денесінде көгерулер, пышақтан түскен жарақаттар, сынған мұрын мен маңдай жарақаты анықталған.

Оқиға куәгері – 4 жасар баласының айтуынша, әкесі анасын «штангамен» ұрып, кейін ас үй терезесінен лақтырып жіберген. Күдікті қамауға алынды.

Марқұмның үлкен балалары әкесінің анасын және өздерін үнемі ұрып-соғатынын айтқан. Қайғылы жағдайдан кейін жеті бала (22, 20, 15, 13, 11, 4 және 2 жаста) баспанасыз қалды. Олардың бесеуі – кәмелетке толмаған. Қазір балалар мемлекеттік мекемеге орналастырылды.

Оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар