Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкентте 34 жастағы келіншек 10 баланың анасы атанды

15:00, 30 қараша 2024 300

Шымкент тұрғыны Азиза Қалиева оныншы перзентін дүниеге әкелді. Көпбалалы ана 1990 жылы туған.  Ол ұлын қалалық перинаталды орталығында босанды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Дүниеге келген нәрестенің салмағы - 4900гр. Дәрігерлердің ана мен сәбидің жағдайы жақсы екенін айтты.

Қала әкімдігінің мәліметінше, қалалық перинаталдық орталықта биылдан бастап неонаталдық хирургиялық операциялар жасала бастады. Мамандандырылған көмек түрлерін көрсетуге барлық жағдай жасалған. Мұнда ішкі ағзалар ақауымен туылған 40-там астам сәбиге күрделі ота жасалды.

Перинаталдық орталықта жыл басынан бері 7517 сәби дүниеге келген. Оның ішінде мерзіміне жетпей туылған 707 нәресте және 96 егіз бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар