Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді (ВИДЕО)

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді (ВИДЕО)

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер асты дүмпулері кейбір елді мекендерде MSK-64 шкаласы бойынша 4 баллға дейін жеткен.

Атап айтқанда:
 • Көкпекті ауылы (Абай облысы);
 • Самар ауылы мен Өскемен қаласы (Шығыс Қазақстан облысы);
 • Қалбатау ауылы (Абай облысы);
 • Қасым Қайсенов кенті (Шығыс Қазақстан облысы).

Жерасты дүмпулері Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының басқа да аудандарында 2–3 балл деңгейінде сезілген.

 

Ал Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының дерегіне сүйенсек, зілзаланың магнитудасы 5,2-ні құраған. Жер сілкінісінің эпицентрі Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай 84 шақырым жерде орналасқан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар