Бакуде «Венеция» тойханасында өткен үйлену тойында жаппай улану оқиғасы болды, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Milli.az дерегінше, зардап шеккендердің арасында осы шарада өнер көрсеткен әнші Дарья Дуня да бар.
Өнерпаз той үстінде өзін бірден жайсыз сезінгенін айтты.
— Аллаға шүкір, қазір жағдайым жақсы. Мен о дүниеден оралдым десе де болады, — деді ол.
Еске салайық, оқиға қонақтар залда отырған сәтте болған. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары шақырылды.
Жалпы улану күдігімен 36 адам ауруханаға жатқызылды.