Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Шұғыл шақыруға асыққан»: Абай облысында екі өрт сөндіруші қаза тапты

12:49, 30 тамыз 2026

Абай облысында шұғыл шақыртуға бара жатқан екі өрт сөндіруші жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.

Семей–Курчатов тасжолында болған қайғылы оқиғадан төрт адам мерт болды. Апат салдарынан азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері — 36 жастағы Ермек Сыдықов пен 33 жастағы Арнұр Әдікенов, сондай-ақ екінші көлікте болған ерлі-зайыпты оқиға орнында көз жұмды.

Марқұмдардың туыстары өрт сөндірушілерге Семей мен Курчатов арасындағы шамамен 130 шақырым арақашықтықты 1 сағаттың ішінде жүріп өту туралы бұйрық берілгенін айтады. Шақыртуға асыққан мамандардың жақындары осы жағдайға байланысты мекеме басшылығының әрекетіне құқықтық баға беруді талап етіп отыр. Қазіргі уақытта Абай облыстық Төтенше жағдайлар департаменті аталған факті бойынша қызметтік тергеу бастады.

Орны толмас қайғыға ұшыраған Ермек Сыдықовтың артында жубайы мен екі баласы, ал Арнұр Әдікеновтің артында әйелі мен бір перзенті қалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар