Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл! Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді

Шұғыл! Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі тіркелді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, "Сейсмологиялык зерттеу институтының" сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 26 қараша Астана уақыты бойынша 7 сағат 15 минутта жер сілкінісін тіркеді.

Сілкініс ошағы Алматыдан 160 км солтүстік-шығыс бағытта орналасқан. Жетісу облысындағы Сарыөзек ауылында дүмпу күші 2 баллға дейін сезілген.

"Зардап шеккендер мен ғимараттардың қирауы туралы мәлімет түскен жоқ", - делінген ресми хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар