Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл! Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді

20:08, 23 қараша 2025 377

23 қараша күні сағат 18:12-де Қазақстан аумағында жаңа жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Alash.kz.

Ұлттық ядролық орталықтың Геофизикалық зерттеулер институты таратқан мәліметке сәйкес, жерасты дүмпулері Алматы облысындағы Жалаңаш  ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 11 шақырым жерде болған.

Эпицентр координаталары: солтүстік ендік — 42.95°, шығыс бойлық — 78.72°.

«Магнитуда mb=3.7. Энергетикалық класы — К=8.6», — делінген сейсмологтардың хабарламасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар