РФ әскери күштерінің Одесса портына жасаған соққысы салдарынан төрт теңізші қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл туралы Одесса әскери әкімшілігі жанындағы қоғамдық кеңес төрағасы Сергей Братчук хабарлады.
Соққы 11 наурыз кешінде жасалған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, MJ Pinar кемесінің төрт экипаж мүшесі қаза тапқан, тағы бір адам жараланған.
Қайтыс болғандардың үшеуі – Сирия азаматы, біреуі – украиналық.
“Радио Свобода” мәліметінше, Барбадос туы астында жүзетін бұл жүк кемесі Алжирге астық жеткізуі тиіс болған.