"Нұр-Мұқасан" тобының экс-әншісі Мұқасан Шахзадаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Нұр-Мұқасан" тобының жаңа әншісі Ғалымжан Сүлеймен Мұқасан Шахзадаев соққыға жыққанын хабарлаған болатын.
"22 қарашада Наурызбай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан М. және өзге де бірнеше адамның оған дене жарақатын салу дерегі бойынша арыз түсті. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді Алматы полиция департаменті Massaget.kz-ке жауабында.
Заңгер Инга Иманбай Ғалымжан Сүлейменнің қазіргі жағдайы туралы айтты.
"Оның қазіргі жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер қолы сынғанын, мұрны сынғанын, беті қатты ісіп-көгергенін растады. Алдағы күндері мұрнына жарақаттан кейінгі күрделі ота жасалмақ", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.