Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл! Күйеуі атпен сүйреп, азаптап өлтірген Айзат Жұманованың қайын атасы сотта сұмдық деректі айтты

14:55, 07 желтоқсан 2025

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Айзат Жұманованың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот отырысы басталды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Сот процесі барысында прокурор Нұрлан Билібеков айыптау актісін оқып, ерлі-зайыптылар арасындағы жанжалға қызғаныш себеп болғанын мәлімдеді.

Nege.kz хабарлауынша, марқұм Айзат Жұманованың қайын атасы Қайрат Тоғызбаев сотта жауап беріп, келіні мен баласының арасында бұрын-соңды ешқандай ұрыс-керіс болмағанын айтты. 

Ол баласының келінге жұдырық жұмсап, дауыс көтергенін көрмеген болып шықты. Егер баласының мұндай қылығын бұрын байқаса, сол кезде «жанын шығарар едім» деді ол соттағы жауабында.

«Мен сол күні әйеліммен ауылда болдым. Түнгі 23.00-ден кейін балам «ата, осындай жағдай болып қалды» деді. Келінді қолына ұстап алып келді. Не жағдай екенін сұраған едім, ол келінді абайсызда құлатып алдым деді. Талдықорғанға апару керек деді. Мен Toyota Land Cruiser 200 маркалы көлігімді бердім. Көліктің артына Айзатты кіргізді. Мен баланы алып қалдым. Көлікті көрші бала Нұрсұлтан Ноғайбаев айдап, төртеуі Талдықорғанға кетті», – дейді күдіктінің әкесі.

Ол соттағы жауабында келіні Айзат Жұманованың бетінен көгерген іздерді көрмегенін айтты.

«Құдай куә, бетінде ештеңе болған жоқ. Бірақ келінім қорылдап тұрды», – деді ол.

Сотта Қайрат Тоғызбаев Айзат Жұмабаеваның ибалы келін болғанын, ешқандай теріс мінезін көрмегенін атап өтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар