Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл хабар: Шымкентте жер сілкінді

09:22, 06 желтоқсан 2025

Қазақстан сейсмологтары жер сілкінісін тіркеді: Тараз бен Шымкентте 2 балдық дүмпу сезілді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Қазақстан сейсмологтары 6 желтоқсан күні түнде жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық сейсмологиялық зерттеулер және ақпарат ғылыми орталығының мәліметінше, дүмпу Астана уақытымен 02:04-те тіркелген. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 565 шақырым жерде, Өзбекстан аумағында анықталды.

Тараз бен Шымкентте шамамен 2 баллдық тербеліс сезілген.
Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, құрбан болғандар туралы мәлімет жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар