Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл хабар: Оңтүстік Кореяда ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 179 адамнан асты

Шұғыл хабар: Оңтүстік Кореяда ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 179 адамнан асты

Оңтүстік Кореяда ұшақ апатқа ұшырап, қаза тапқандар саны 179 адамнан асты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Yonhap агенттігінің хабарлауынша, Jeju Air әуе компаниясының Boeing 737-800 жолаушылар ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қоршауға соғылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, апат құстар соғылған шассидегі ақау салдарынан болған.

"Соңғы мәліметі бойынша, 179 адам қаза тапты. Бортта барлығы 175 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Жолаушылар арасында 173 корей және екі Тайланд азаматы болған. Кем дегенде екі адам аман қалды", - делінген агенттік таратқан хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар