Мексикада магнитудасы 6,5 болатын жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Герреро штатындағы Сан-Маркос елді мекенінің маңында орналасқан. Сілкініс елдің орталық және оңтүстік өңірлерінде сезілген. Соның салдарынан екі адам қаза тапты деп хабарланды, деп жазды Alash.kz.
Қайтыс болғандардың бірі - 60 жастағы ер адам. Ол пәтерінен эвакуациялау кезінде өзін жайсыз сезініп, құлап кеткен. Ал эпицентрге жақын жерде тұрған 50 жастағы әйел үй қирандыларының астында қалған.
Сондай-ақ Герреро штатының астанасы Чильпансингодағы аурухана ғимаратына зақым келіп, ондағы науқастардың эвакуацияланды.
Жер сілкінісі эпицентрден шамамен 400 шақырым қашықтықта орналасқан ел астанасы Мехикода да сезілді. Осыған байланысты Мексика президенті Клаудия Шейнбаум баспасөз мәслихатын уақытша тоқтатып, президенттік сарайдан эвакуациялануға мәжбүр болды. Алайда көп ұзамай баспасөз жиыны қайта жалғасты.