Көкшетаудағы өрт кезінде ТЖМ қызметкерлері 17 адамды құтқарды, деп хабарлайды Alash.kz.
Ақмола облысының Көкшетау қаласында екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйде өрт шығып, Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері 17 адамды құтқарды.
Өрт тұрғын үйдің электр қалқанынан шыққаны анықталды. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар жалынды 6 шаршы метр аумақта сөндірді.
Кіреберістегі қою түтінге байланысты ТЖМ қызметкерлері үш буынды сатының көмегімен терезелер арқылы тұрғындарды эвакуациялаған. Құтқарылғандардың ішінде 5 бала бар.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.