Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл хабар: Алматыдағы "Көктөбенің" өртеніп жатқаны хабарланды

17:00, 20 қыркүйек 2025 95

Алматыдағы "Көктөбе" іргесінің өртеніп жатқаны хабарланды, деп хабарлайды Alash.KZ.

"13:21-де күш пен құралдар Медеу ауданы, Сапарғали Бегалин көшесіне жеке үйдің өртенуі туралы хабарлама бойынша аттанды. Оқиға орнына АӨБ-5, АӨБ-2 және ӨБ-7 бөлімшелерінің өртсөндірушілері жіберілді", – делінген департамент хабарламасында.

ТЖД өкілдерінің хабарлауынша, шаруашылық құрылысы жанған. От күшейіп, екі қабатты үйдің шатырына өткен. Құтқарушылар өртті сөндіруге кірісті.

"Оқиға таулы аймақта болғанына қарамастан, бөлімшелер белгіленген норматив уақыт ішінде жетті", – деп қосты департаменттен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар