Көкшетаудағы көпқабатты үйдің 3-қабатындағы пәтерде жиһаз өртенді, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Өрт өршу кезеңінде сөндірілген. Бұл жалынның пәтердің басқа бөлмелеріне таралуының алдын алуға мүмкіндік берді.
Өрт сөндірушілер түтінге толған пәтерден 1975 жылы туған ер адамды ес-түссіз күйінде сыртқа алып шықты.
Сонымен қатар, улы түтіннен уланудың алдын алу үшін арнайы құтқарудың көмегімен 8 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды. Сондай-ақ подъездің 41 тұрғыны, оның ішінде 17 бала эвакуацияланды.
Құтқарылған ер адам күйік жарақаттарымен жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.