Қайғылы оқиға жұма күні таңғы сағат 9:50-де Хорватияның Загреб қаласындағы Пречко бастауыш мектебінде болды, деп хабарлайды Alash.kz.
Шабуыл жасаушы алдымен мектеп дәлізінде бір балаға физикалық күш қолданған, содан кейін сыныптардың біріне кіріп, пышақпен шабуыл жасаған.
Зардап шеккен балалар тікұшақ арқылы Загребтегі ауруханаларға жеткізілді.
Мұғалім ауыр халде жатыр.
Шабуыл жасаушы өзін-өзі өлтіруге тырысқан, алайда полиция оған кедергі жасап, қамауға алған.
“Қазіргі уақытта бұл адамның психикалық мәселелері болғаны және бір жыл бұрын өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны анықталды”,- деді полиция.