Атырауда 14 жастағы Руфина Бақтыгерейді іздеу басталды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Атырауда 14 жасар Руфина Бақтыгерейдің жоғалуына болуына байланысты іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қыз 1 желтоқсан күні үйден інісімен бірге шыққан, бірақ мектепке бармаған және сол күннен бері оралмаған.
Туыстарының айтуынша, 2011 жылы туған Руфина сыртқа қара куртка, көк шалбар, мектеп формасы және қызыл кроссовка киіп шыққан.
Қалалық бейнебақылау камералары қыздың інісімен бірге үйден шығып, өзен жаққа қарай бет алғанын тіркеген. Одан кейін оның қайда кеткені белгісіз болып қалған.
Ата-анасы полицияға жүгініп, қала тұрғындарынан қандай да бір ақпарат болса, 8778 287 07 82 нөміріне хабарласуды сұрайды. Қазір іздестіру шаралары жалғасып жатыр.