Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл: Асхат Садырбай бұрынғы әйелінің үстінен тағы да сұмдық арыз жазды

20:30, 15 сәуір 2025 714

Белгілі тележүргізуші әрі журналист Асхат Садырбай бұрынғы жұбайы Айғаным Қорабаеваның үстінен Алматы қаласының азаматтық істер жөніндегі сотына талап арыз түсірді, деп хабарлайды ALASH.KZ Todayinfo.kz сайтына сілтеп.

Талап қоюшының мәлімдеуінше, Айғаным Қорабаева әлеуметтік желілерде – Instagram, TikTok, YouTube және Facebook парақшаларында Асхат Садырбайдың ар-намысы мен беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпараттар жариялаған.

Атап айтқанда, физикалық қысым көрсеткені, бала үшін сотқа сүйрегені, қорлық көрсеткені туралы мәліметтер шындыққа жанаспайды және жеке өмірге қолсұғушылық ретінде бағаланған.

Талап арызда Асхат Садырбай:

Жарияланған ақпараттарды жалған деп тануды, Аудио-бейне кешірім сұрау жазбасын әлеуметтік желілерде жариялауды,

Жазбаша кешірім хатын жолдауды,

Және 1 500 000 теңге көлемінде моральдық зиянды өтеуді талап етіп отыр.

Сонымен қатар, кешірім жазбасы мен хаттың көшірмесін «Астарлы Ақиқат» бағдарламасының редакциясына жолдау да талап етілген.

Азаматтық іс 2025 жылдың 21 ақпанында қозғалған. Қазіргі уақытта Алматы қаласы сотында қаралу үстінде. Тараптардан түсініктеме алынбады.

Ал Айғаным Қорабаева соттың ашық болғанын қалап отыр. Ол сот отырысына БАҚ өкілдері қатысуы керек деп есептейді.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар