Майқайыңда шахтаға түсіп кеткен автобус табылды, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Өңір басшысы елді-мекеннің арнайы телеграм каналында Майқайың-алтын" АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде тұрақты негізде аздаған үзілістермен іздестіру жұмыстары жүргізілгенін жазды.
Іздеу жұмыстары кезінде екі құтқарушының бірінің денесі табылды.
Павлодар облысының ТЖД күшімен құтқарушының мүрдесі жер бетіне көтеріліп, жедел-тергеу тобына берілді.
Табылған жетон мен киімінен құтқарушылар взводы командирінің 36 жастағы орынбасары Айдос Шаймерденнің денесі табылғаны анықталды.
55 жастағы жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі әлі табылған жоқ. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.