Астанада жазғы дәмхана өртеніп жатыр, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Б.Момышұлы даңғылы бойында орналасқан «Кувшин» мейрамханасының жанындағы жазғы дәмханадан өрт шыққан.
Төтенше жағдай департаментінің жеке құрамынан 15 адам мен 3 бірлік техника жұмылдырылған.
Сағат 16:32-де ТЖМ күшімен 60 ш.м.алаңды шарпыған өрт толығымен сөндірілді. Өрттің себептері анықталуда.
Зардап шеккендер жоқ.