Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шу қаласында дәрігерлер жүкті әйелдің өлімін жасырып, денесін жертөледе жасырған

17:00, 25 наурыз 2025 4100

Шу қаласында дәрігерлер жүкті әйелдің өлімін жасырған, деп хабарлайды Alash.kz Todayinfo.kz  инстаграм аккаунтына сілтеме жасап.

Аяғы ауыр келіншек 5-ші наурыз күні, жүктіліктің 34-ші аптасында түсік қаупі болып, Шу қаласындағы көпсалалы ауруханаға келген.

9-шы наурыз кешке жағдайы күрт нашарлап, комаға түскен. Ал 10-шы наурыз күні дәрігерлер ота жасап, іштегі өлі туылған нәрестені алған.

Содан бері келіншек жан сақтау бөлімінде болған. 2 күн өткеннен кейін, есін жимастан қайтыс болған. 

Полицияға және облыстық денсаулық сақтау мекемесіне ешқандай ресми мәлімдеме жібермеген. 

Қажыған күйеуі әйелін жан сақтау бөлімінен жанұшыра іздейді.

Аурухананың әр есігін ашып, өліксе иіс шыққан жаққа барып, әйелінің ісінген денесін аурухананың техникалық жертөлесінен табады.

Ең сорақысы, дәрігерлер денені мәйітханаға тапсыруды ойламаған да.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар